Ескі банкноттарды айырбастау мерзімі ұзартылды

(0 Votes)

Ұлттық Банк 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000 және 10000 теңгелік банкноттарды ауыстыру мерзімін 2021 жылдың 1 ақпанына дейін ұзартты.

«Халықтан өтініш түскен соң, айырбастау мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдадық. Кейбір азаматтар, әсіресе, зейнет жасындағы қариялар әртүрлі себептерге байланысты ескі банкноттарды уақытында айырбастап үлгермеген» - дейді Қолма-қол ақша айналысы департаментінің директоры Жомарт Қажмұратов.

Олар Ұлттық Банктің филиалдарында тек жеке тұлғаларға ғана  айырбасталады.

2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000 және 10000 теңгелік банкноттарды Атырау қаласы, Уәлиханов көшесі, 2 а мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Атырау филиалы кассасынан айырбастауға болады. Кассаның жұмыс тәртібі: сағат 9:00 бастап 14:00-ге дейін, үзіліс: 12:00 ден 13:00-ге дейін.

2021 жылдың 1 ақпанынан кейін банкноттарды айырбастау тоқтатылады.

Еске сала кетейік, 2006 жылғы үлгідегі номиналдарға тән банкноттарды айырбастау кезеңі 2016 жылдың қазанынан 2020 жылдың 5 қазанына дейін – 4 жыл бойы ұзартылып келді.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда Ұлттық Банктің 1477 байланыс орталығына хабарласуға болады.

Амин Арайлым Асылбекқызы,

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Атырау филиалының

қолма-қол ақшамен жұмыс және кассалық операциялар бөлімі басшысының орынбасары

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521