Nur Otan партиясының Саяси бюросы шешімімен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VII шақырылымының депутаттарының 76 кандидаттан тұратын тізімі бекітілді.
Тізімде Мақат ауданынан үміткер Сәлімжан Жұмашұлы Нақпаев бар.
VII шақырылған Атырау облыстық мәслихат депутаттарының кезекті сайлауының қорытындылары бойынша Атырау облысы сайлаушыларының 78,71%-і «Nur Otan» партиясына дауыс берген болатын.
«Nur Otan» партиясынан ұсынылған Атырау облыстық мәслихатының депутаттық мандаттарын бөлу тізімінде жерлесіміз «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ «Атырау жүк тасымалдау бөлімшесі» - «Мақат локомотив пайдалану депосы» филиалының басшысы Самаликов Абзал-Сенбі Ізбасарұлы бар.
13 қаңтар күнгі «Nur Otan» партиясы Мақат аудандық филиалы Саяси кеңесі Бюросының мәжілісінде аудандық мәслихаттың депутаттық мандаттарын бөлу кезектілігі қаралды. Партиялық тізімде 30 пайыз әйелдер және 35 жасқа дейінгі 20 пайыз жастардың үлесі сақталып, Мақат аудандық мәслихатының депутаттық мандаттарын бөлу кезектілігі белгіленді. Тізімге енгізілген 10 мандат иесі аумақтық сайлау комиссиясына ұсынылды.
Е.МЫРЗА
Сурет: ашық дереккөз