Еріктілер кеңесі қоғам өміріне өз үлесін қосуда

(0 Votes)

Мемлекеттік қызметтің оң имиджін арттыруға, қоғамның мемлекеттік қызметке деген сенімін нығайту бағытында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментімен 31 мемлекеттік қызметшіден құралған «Еріктілер кеңесі» консультативтік-кеңесші органы (бұдан әрі – Еріктілер кеңесі) құрылды.

 Еріктілер кеңесі – мемлекеттік қызметшілер арасында еріктілер қозғалысын үйлестіруді, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің ерікті бастамаларын және осы саладағы заңнама талаптарының үйлесімдігін қамтамасыз етеді. Осы тұста, Еріктілер кеңесімен 2024 жылы көптеген іс-шаралар өткізілді. Оның ішінде, тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау, өңірімізде орналасқан ескерткіштердің келбетін түзету, орнатылған аумағын тазалау (орналасқан аумағын жабайы шөптерден тазалау, әрлеу, әктеу және т.б.), мемлекеттік қызметшілер қоршаған ортаны сақтауға, экологиялық проблемаларды шешуге бағытталған ерікті қызмет (саябақтарда, ормандарда және басқа да табиғи аймақарда қоқыс жинау, су айдындарын, жағалау сызықтарын жинау, ағаштар, бұталар мен гүлдер отырғызу және т.б.) әлеуметтік осал топтағы отбасыларға, қарттар үйлеріне, балалар үйінің тәрбиеленушілеріне, жалғызбасты қарт адамдарға барып, халықты әлеуметтік қорғау жүйесіне қол ұшын созу, тегін заң көмегін беру және т.б.шаралар атқарылуда. Сонымен қатар, Еріктілер кеңесінің жұмысын одан әрі жандандыру мақсатында арнайы жоспар бекітіліп, жүзеге асырылуда. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT