Еңбекпен келген абырой

Еңбекпен келген абырой
(0 Votes)

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жарияланды.

Бұл экономикалық тұрақтылық пен әлеуметтік прогрестің басты факторы ретінде жұмысшы кәсіптерінің рөлін күшейтудегі стратегиялық қадам.

Бұл шешім елдің тұрақты өсуі мен инновациялық дамуын қамтамасыз етуде шешуші рөл атқаратын білікті мамандарды дамытудың маңыздылығын көрсетеді.

Жұмысшы болу – тек бір кәсіп иесі болу емес, ол – өмір салты. Бұл – тәртіп, дәлдік, шыдамдылық, еңбекке адалдық сынды құндылықтарды бойға сіңіру. Әрбір болат балқытушы, әрбір механизатор, әрбір дәнекерлеуші – өз ісінің шебері. Олар қарапайым көрінгенмен, елдің ертеңін қалыптастырып отырған тұлғалар. Қазіргі таңда мемлекет жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтеруге ерекше көңіл бөлуде. Жоғары жалақы, тұрақты жұмыс орны, кәсіби білім алу мүмкіндігі – мұның бәрі жастардың осы бағытқа бет бұруына жол ашады. Қарапайым жұмысшыдан басталып, кәсіби жетістіктерге жеткен мыңдаған адам бар.

Бұл – еңбекпен келген абырой. Жұмысшы – батырлардай салтанат құрмаса да, болашаққа жол салады. Олар – ұлттың дамуы мен өсіп-өркендеуінің нағыз тірегі. Сондықтан да жұмысшы мамандығы – қарапайымдылықтан басталып, қоғамға қосқан үлесімен ұлылыққа айналатын мамандық.

 

Қабылхан Омаров,

ардагер

 

 

 

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT