Еңбекпен ел көгерер

Еңбекпен ел көгерер
фото: el.kz
(0 Votes)

Президенттің бастамасымен 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланды. Бұл — кездейсоқ қабылданған шешім емес. Еліміздің болашағы ең алдымен еңбек адамының қолында екенін ұғындырудың, қоғамда жұмысшы мамандықтарына деген құрметті оятудың үлкен қадамы.

Соңғы жылдары жастар арасында жұмысшы мамандықтарына қызығушылық бәсеңдеп кеткені байқалады. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін Президенттің бастамасы дер кезінде көтерілді. Ендігі мақсат – жұмысшы еңбегін лайықты бағалау, жастарды шынайы еңбектің қадірін ұғынуға тәрбиелеу, білім беру жүйесін заман талабына сай жаңғырту.

Өйткені нағыз даму – еңбекпен келеді. Бір қолымен қала тұрғызған, бір қолымен өндірісті алға сүйреген жұмысшылар – еліміздің тірегі, қоғамның қозғаушы күші. Жұмысшы мамандықтарын таңдау – тек кәсіп қана емес, бұл – өз еліне қызмет етудің ең шынайы жолы.

Қазіргі таңда елімізге – білімді, кәсіби, жауапкершілігі жоғары мамандар қажет. Сондықтан мектептерде кәсіптік бағдар беруді күшейту, колледждер мен оқу орталықтарын заманауи талаптарға сай қайта жарақтандыру басты назарда болуы тиіс.

Бүгінгі жастар үшін «жұмысшы» деген атақ тек кәсіби деңгейдің көрінісі ғана емес, абырой мен беделдің символына айналуы керек. Әрбір дәнекерлеуші, әрбір құрылысшы, әрбір механик — ұлт байлығын жасаушы азаматтар. Сол үшін де еңбек адамының мерейі биік болуы керек!

Ж.ҚАМЗА

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT