Атырауда 1,5 тоннадан астам балық өнімдері тәркіленді

Атырауда 1,5 тоннадан астам балық өнімдері тәркіленді
(0 Votes)

Атырау облысы аумағында 1 сәуір – 31 мамыр аралығында броконьерлік іс-әрекеттің, бекіре тұқымдас және басқа да балық түрлерінің, олардың өнімдерінің заңсыз айналымын анықтауға, алдын алу мен жолын кесуге бағытталған «Бекіре – 2025» жедел профилактикалық іс шарасы өтуде, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Іс-шара кезінде теңіздегі заңсыз балық аулаудың жолын кесуге арналған балық қорғау инспекциясымен бірлесіп жылжамалы кемелердің мобильдік топтары және автокөлік құралдарының қозғалысына бақылау жүргізетін мобильдік топ құрылып қызмет атқарылуда. Жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізу кезінде балықтың заңсыз айналымымен байланысты 101 құқық бұзушылық анықталып, оның ішінде 6 іс-құжаттарда күдіктілердің іс-әрекеттерінде қылмыс құрамының анықталуына байланысты сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде. Анықталған құқық бұзушылық бойынша 1 су қайығы, 26 айғақ зат ау тор құралдары және барлығы – 1 тонна 637 келі болатын балық өнімдері анықталды, оның ішінде 311 келі бекіре тұқымдас балықтары және 2 келіден астам бекіре балығының уылдырығы тәркіленіп, балық зауытына тапсырылды.

Жайық-Каспий аумағында балық қорын қорғау, заңсыз табылған су биоресурстарын сату мен тасымалдау және браконьерліктің алдын алу мақсатында Атырау облысы ПД Балық қорларына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы күрес бөлімі жергілікті атқарушы органдармен бірлескен іс-шараларды күнделікті жүргізуде.

Аман ШАМАР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT