Елордада тұсауы кесілді

(0 Votes)

Acтана қаласының төрiнде, бұған дейін болмаған шара орын алып, "Киелі мекен, қасиеттi өлке- Құрманғазы" атты тарихи-танымдық кiтаптың таныстырылымы өтті.

Елiмiзде рейтингі бойынша үшіншi орында тұрған iргелi oқу орындарының бірі С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде бүгінде еліміздiң әр өңiрiнен 15 мың студент білім алуда. Аграрлық сала мамандарын дайындайтын жоғары оқу орынында "Жұмысшы мамандықтары жылы" аясында өткен кездесуге Құрманғазы ауданы әкiмiнiң орынбасары Амангелді Мұратов, аудандық мәслихаттың төрайымы Гүлжанат Қалиева, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстан Гуманитарлық ғылымдар академиясының академигi, Атырау облысы және Құрманғазы ауданының Құрметті азаматы, аудандық "Өрендi өлкетанушы" клубының жетекшici Өмiрзақ Қажымғалиев бастаған делегация мүшелерi, астаналық зиялы қауым өкілдері, аталған оқу орнының студенттері қатысты. Шара алдында университет жанындағы С. Сейфуллин атындағы музейдің меңгерушісі, экономикалық факультеттiң профессоры Бегендік Утебаев құрманғазылықтарды ондағы жәдiгерлермен таныстырды. Одан кейін университет ректоры Қанат Тiреуов жылы қабылдап, құрмет көрсеттi. Қабылдау барысында оқу орнының басшысы "Киелі мекен, касиетті өлке - Құрманғазы" кiтабын оқып танысқанын айтып, жақсы баға берiп, өзара қарым-қатынасымыз жалғасын тапсын деген iзгi тiлегiн жеткiздi.

Акт залында өткен шараның ресми бөлiгiн С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің ректоры Қанат Маратұлы жүргiздi. Алдымен ауданымыз туралы дайындалған бейнесюжет көрсетiлдi. Аудан әкімінің орынбасары Амангелді Мұратов сөйлеп, күй өлкесінің тыныш-тiршiлiгi, әлеуметтік-экономикалық дамуы жайлы қысқаша ақпарат берiп өтті.

Келесі кезекте "Өрендi өлкетанушы" клубының мүшелері "Құрманғазы СДО" басшысы Бержан Кенжебаев, "Құрманғазы" ӨК төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты Сабыржан Сұлтанов сөйлеп, студенттердi ауылда қызмет етуге шақырды. Қатысып отырған студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға кiтап авторы, академик-жазушы Өмiрзақ Қажымғалиұлы, аудан әкімінің орынбасары Амангелді Хайдарұлы, өлкетанушылар Бержан Ахонұлы, Сабыржан Қыдырсихұлы тарапынан жауаптар қайтарылды. Университет басшысына аудан әкімінің Алғыс хаты, жоғары оқу орынының кiтапханасына "Киелі мекен, қасиетті өлке - Құрманғазы" кiтабы табысталды. Оқу орнының басшысы өз тарапынан бiр топ құрманғазылық өлкетанушыларды "С. Сейфуллиннiң туғанына 130 жыл" медалiмен марапаттады.

Кездесу аудандық С.Көшекбаев атындағы мәдениет үйi ұйымдастырған концерттік бағдарламамен аяқталды. Университет ұжымы ұйымдастырған дастарханда да ауыл шаруашылығын дамыту үшін кадрлар дайындау, өзара ынтымақтастық, "Жұмысшы мамандықтары жылын" өткiзу жайы қозғалып, проректорлар Роза Әбiшева, Жайнагүл Хусайынова, университет департаменттерiнің директорлары Мұхтар Сабырұлы, Сәрсенбай Жәкенбаев тағылымды шара өткiзiп жатқан құрманғазылық арға ризашылығын білдірiп, осындай игi жүздесулер жалғасын тапсын деген ұсыныстарын ортаға салды.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT