«Елге қызмет - еңбекпен басталады»

«Елге қызмет - еңбекпен басталады»
(0 Votes)

Ауданның бүгіні мен ертеңі – өз ісінің шебері болған жұмысшы мамандардың қолында. Бүгінгі таңда ауданымызда құрылыс, ауыл шаруашылығы, жол жөндеу, қызмет көрсету және өндіріс салаларында еңбек етіп жүрген мыңдаған азамат бар. Олардың әрқайсысы – туған жердің өркендеуіне үлес қосып жүрген нағыз еңбек майталманы.

Мансап орталығының басты мақсаты – жұмысшы мамандықтарының қадір-қасиетін арттырып, жастарды нақты кәсіпке баулу. Еңбек нарығында дәнекерлеуші, механизатор, агроном, аспаз, электрик, жүргізуші, тігінші секілді мамандықтарға сұраныс жыл сайын артып келеді.

Біз аудан жастарын тек диплом алумен шектелмей, қолына нақты кәсіп ұстауға, табанды еңбекпен өмірін құруға шақырамыз. Себебі, білікті жұмысшы – тұрақты табыс пен өз болашағын қамтамасыз ететін сенімді жолды таңдайды.

Жұмысшы маман – тек бір кәсіптің иесі ғана емес, ол – өз елінің тірегі, қоғамның дамуына үлес қосатын тұлға.

Д.Нагимов

Махамбет аудандық " Мансап " орталығының директоры

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT