Электронды қызметпен уақыт үнемдей біліңіз!

(0 Votes)

Аудандық Халыққа қызмет көрсету бөлімі аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімімен бірлесе отырып Доссор балалар-жасөспірімдер спорт мектебі ұжымына электрондық қызметтерді тиімді алу жолдарын түсіндірді.

Ұжым қызметкерлеріне egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы атқарылатын қызметтер туралы кеңінен мағлұмат берді. Сондай-ақ, телефон арқылы Телеграмм мессенджерінен анықтамалар алу, «Egov mobile» мобильді қосымшасы арқылы қызметтер мен сервистерді пайдалану жолдары көрсетілді. Одан әрі «ВидеоЦон» мобильдік қосымшасы арқылы видео оператордың көмегімен кез-келген электронды қызмет түрін алуға болатынын айтып өтті. Сонымен қатар, қызмет алушыларға Цифрлы құжатттар сервисі «Egov mobile» мобильді қосымшасында авторизацияланған пайдаланушылар үшін қол жетімді екені қаперге берілді. Бұл қосымшалардың көмегімен Халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ кез-келген жерден аталған қосымшалар арқылы уақыттарыңызды тиімді пайдаланып қызмет ала алуға болады.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521