Атырауда мектеп оқушысын ұрған балалар үш жылға сотталуы мүмкін

(0 Votes)

Атырау облысында мектеп оқушысын жоғары сыныптың бірнеше баласы аяусыз ұрып тастаған.

Сау-тамтығы қалмаған 15 жастағы бала қазір ауруханада жатыр. Келеңсіздік облыс орталығынан 200 шақырым қашықтағы Исатай елді мекенінде болған. Алақандай ауылдағы қатыгездікке не себеп болды? Бұл - мектеп оқушылары арасындағы әлімжеттік пе? Бұл туралы Аstana телеарнасының сюжетінде айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бауыр еті баласының сау-тамтығы қалмаған денесін көрген анасы өзін қоярға жер табар емес. Жасөспірім "футбол ойнап жүріп, құлап қалдым" деп, болған жайтты анасынан алғашында жасырған. Анасы оның соққыға жығылғанын, аяғын баса алмай қалған кезде бір-ақ білген. Дереу полицияға шағымданып, оқушыны дәрігерлер бірден облыс орталығына алып кеткен. Ақ халаттылар науқастың ауруханаға түскендегі жағдайы ауыр болғанын айтады.

"Соғып, қол жағын, аяғын ісіріп қойған, бөтеке жағын соққан, кеудесін соққан балалар. Түскенде бәрі ісік болды. Диагнозы - оң иықтың, жамбастың және кеуденің жұмсақ тіндерінің көгеруі. Қазір баланың жағдайы жақсарып келеді", - деді Атырау облыстық балалар ауруханасы хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Гүлмира Мерғазиева.

ATPress.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521