Ел тірегі ­– экономика

(0 Votes)

Мемлекет басшысының Жолдаулары маңызды мемлекеттік мәселелерге арналатыны белгілі. Биылғы Жолдауда да елдің көкейінде жүрген, мемлекеттің дамуы үшін басым бағыттарға арналды. Жүзеге асқан шараларға шолу жасай келіп, Президент елдегі саяси реформаларды экономикалық дамумен ұштастыру қажет екендігін айтып, экономикалық мәселелерге қатысты көптеген ұсыныстар жасады. 

Шынында, саяси, әлеуметтік реформалар бойынша көптеген жаңа бастамалар жасалды, олар оңтайлы енгізілу үстінде. Бірақ экономикалық даму болмаса елдің ішкі дамуы мен әлемдік қоғамдастықтағы орны мен маңызы ілгерілемесі анық. Сондықтан, елдің экономикалық қал ахуалына қатысты сұрақты Президент өнеркәсіпке қатысты мәселелерден бастады.

Бәрімізге белгілі, біздің елде қазба байлықтың барлық түрі, өте сирек металдар бар. Ал, олардан біз қаншалықты пайда көріп отырмыз? Бұл сауалға қатысты елдің тарапынан ренішті көзқарас та туындайтыны белгілі. Президент осы өндіріс саласы, соның ішінде өңдеуші өндірісті, мұнай, газ, уран, тыңайтқыш саласын заманауи жолдармен дамыту туралы айтты. Осының бәрін жүзеге асыру үшін жаңа өнеркәсіптік саясат жасалатын болды. Экономиканы диверсификациялау процессі де жалғасады. Президент сонымен қатар әскерге, аграрлық салаға, агроғылымды дамытуға, салыққа, қазіргі көкейкесті болып отырған су саласына қатысты келелі пікірлер қозғады. Көлік логистика, жасанды интеллект, сандық технологиялар, «креативті экономика», «креативтік өндіріс» сияқты заманауи аса маңызды тақырыптар да Президент назарынан тыс қалмады. Ендігі мақсат осының барлығының жүзеге асуы.

Өмірбек БЕКЕЖАН,

философия ғылымдарының докторы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT