Ел дамуының қозғаушы күші – жастар

Ел дамуының қозғаушы күші – жастар
(0 Votes)

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрылтайда айтқан сөзі — жастардың дамуына, олардың кәсіби өсуіне және елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған өте маңызды тұжырым.

Қазіргі қоғамда әр азаматтың өзін-өзі жетілдіруі, жаңа дағдыларды меңгеруі табысқа жетудің басты шарты екені анық. Бұл әсіресе жастар үшін аса өзекті. Бүгінде еңбек нарығы қарқынды өзгеруде, жаңа технологиялар мен мамандықтар пайда болып жатыр. Осындай кезеңде жастардың сұранысқа ие кәсіптерді меңгеруіне жағдай жасау – елдің болашағына салынған инвестиция.

Жастар ресурстық орталығының негізгі мақсаты – жас ұрпақтың әлеуетін ашу, олардың кәсіби бағдар алуына және еңбек нарығында өз орнын табуына көмектесу. Біз жастардың білім алып қана қоймай, оны практикада тиімді қолдануына да жағдай жасауымыз қажет. Жұмысшы мамандықтарына деген көзқарасты өзгертіп, олардың беделін арттыру – өте маңызды қадам. Өйткені, ел экономикасының дамуы үшін тек жоғары білімді мамандар ғана емес, сондай-ақ кәсіби-техникалық бағыттағы білікті кадрлар да аса қажет.

Бүгінде мемлекет тарапынан жастарға беріліп отырған мүмкіндіктер көп. Кәсіптік-техникалық білім алуға арналған гранттар, кәсіпкерлікке баулу бағдарламалары, жастарды жұмысқа орналастыру жобалары – осының бәрі жастардың болашағына бағытталған нақты қадамдар. Бірақ ең бастысы – әр жас адамның өз болашағына деген жауапкершілігі. Мемлекет барлық жағдайды жасай алады, алайда оны тиімді пайдалану әркімнің өзіне байланысты.

Жастар ресурстық орталығы ретінде біз жас буынның бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамыған, еңбекқор әрі ізденімпаз болуы үшін барлық күш-жігерімізді саламыз. Ел дамуының қозғаушы күші – білімді, білікті, кәсіби шеберлігі жоғары жастар. Сондықтан, біз Мемлекет басшысының бұл бастамаларын толық қолдаймыз және жастардың мүмкіндіктерін кеңейту үшін аянбай еңбек ете береміз.

А.ҚОНЫСБАЕВ,

Махамбет аудандық Жастар ресурстық орталығының басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT