Мен – қарапайым жұмысшы адаммын. Биылғы "Жұмысшы жылы" деп жариялануы мен үшін үлкен мәртебе.
Себебі көп жағдайда біздің еңбегіміз елеусіз қалып жатады. Ал енді билік тарапынан қолдау болып, жұмысшылардың мәртебесі көтерілсе, жағдайымыз жақсарып, қоғамда еңбек адамына деген құрмет артады деп сенемін. Ең бастысы – бос уәде емес, нақты іс болса екен деймін. Жалақымыз өсіп, еңбек жағдайы дұрысталса, өзіміз де, отбасымыз да бақыттырақ болар едік. Еңбектің қадірі танылып жатса, соның өзі үлкен қуаныш.
С. Алтынбеков,
электрик