«Бір күн»: Жастар өмірінің айнасы

(0 Votes)

Қоғамның қозғаушы күші саналатын жастар – ел болашағының негізі. Осы ұстанымды ұран еткен аудандық Жастар ресурстық орталығы жастардың күнделікті өмірін, олардың белсенділігін, қоғамдық өмірге қатысуын көрсету мақсатында «Бір күн» атты жаңа жобаны қолға алды.

 Бұл рубрика – қарапайым жастың бір күнін баяндау арқылы оның өмірлік бағыты, таңдауы, арманы мен мақсаты жайлы сыр шертеді. Мұнда әр кейіпкер – болмысымен ерекше, өз ісіне адал, қоғамда алар орны бар жас. Олар студент, ерікті, мұғалім, өнерпаз не кәсіпкер болуы мүмкін. Ең бастысы – олардың өмірі мен әрекеті өзге жастарға мотивация беріп, шабыт сыйлайды.

«Бір күн» жобасы арқылы жастар өз ойымен, өмір салтымен, құндылықтарымен ашық бөлісіп, замандастарына үлгі болады. Бұл – тек бейнеролик емес, жастардың үні мен үмітін жеткізетін платформа.

Е. Алтайұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT