Доссорда мерекелік жәрмеңке өтті

(0 Votes)

25 қазан күні Доссор кентінде мерекелік ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өтті.

 Жәрмеңкеге Батыс Қазақстан және Маңғыстау облысы, Атырау қаласы және басқа да аудандардан кәсіпкерлер келіп, өз өнімдерін халыққа ұсынды.

Әр отбасында атап өтуге тұрарлық еліміз үшін маңызы зор мерекеде аудан тұрғындарының қалтасына ауырлық салмай, мерекелік дастарханға қойылатын азық-түліктермен ауылшаруашылық өнімдерін базар бағасынан төмен бағада көпшілікке ұсынып, мерекені көтеріңкі көңіл-күймен атап өту мақсатында өткен шара тұтынушылардың көңілінен шықты.

Жалпы соңғы жылдары ауданда апта сайын жәрмеңке ұйымдастыру игі дәстүрге айналған. Тұрғындардың да бұған еті үйреніп, әр сәрсенбі және бейсенбі сайын жәрмеңкеге асығып тұрады.

«МТ»

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT