Депутаттар тартуы

(0 Votes)

«Сөз менеджменті» - жаңа заманның сұранысына сай жарық көрген туынды. Аталған әдістемелік құралдың кез келген тұлғаның шешендік қабілетін шыңдауға тигізер септігі зор. Ал осы әдістемелік оқу құралының шығуы мен таралуына «Nur Otan» партиясы қолдау танытқан.

Өткен аптада аудандық партия филиалының ұйымдастыруымен аудандық кітапханалар мен білім беру бөліміне қарасты кітапханаларға айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақовтың «Сөз менеджменті» атты алғашқы жаңа кітабы табыс етілді.

Бұл игі іс аудандық мәслихат депутаттарының қолдауымен оқырмандарға сый ретінде ұсынылып отыр. Халық қалаулылары Гүлзада Саликова және Әсел Қаржауова аудандық кітапханаға арнайы барып, депутаттар атынан «Сөз менеджменті» кітабын кітапхана директоры Ақмарал Өтешоваға және аудандық білім беру бөлімінің басшысы Айбол Долдашевқа табыстады.

img_4818

Өз кезегінде кітапханалар сөресі жаңа сұранысқа ие кітаппен толыққанына қуанышты екенін жеткізген олар ұйымдастырушыларға алғыстарын жаудырды.

Жалпы 208 беттен тұратын «Сөз менеджменті» кітабы ораторлық өнерге арналған. Кітап сөйлеуге дейін, сөйлеу барысы және сөйлеуден кейін деген 3 бөлімнен тұрады.  

img_4823

Халықтың психологиясын, ұлттық болмысын ескере отырып жазылған кітапта сөйлеушінің шеберлігін арттыратын бірнеше тәсіл көрсетілген. Кітапта  ораторлық қабілетті анықтауға арналған тест те бар. Сонымен қатар, теорияны бекітуге арналған 10 түрлі тапсырма бар. Автор кітапты аяқтамас  бұрын  қорытынды  тестен өтуге кеңес береді. Сол тәсілдерді қолдану арқылы әтүрлі сала мамандары болсын, жастар болсын, сөз саптауын дұрыстап, ойын орнықты жеткізе алатын деңгейге қадам жасайды.

img_4778

Қазіргі таңда әлеуметтік желілерге байланған жас ұрпақ үшін кітап оқудың маңыздылығы тіптен қажет. Мектеп оқушыларының сөзге шорқақ, ойы орнықсыз екендігі де жасырын емес. Сондықтан аудандық мәслихат депутаттарының бұл туынды оқырмандар мен оқушыларға көмекші құрал болатынына сенімдері мол.      

М.ІЗТҰРҒАНОВА

Суреттер автордікі

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT