Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментіне бірнеше қызмет алушы өз өтініштерін түсірді.
Тиісті 3 жолданымды Департаментпен қарау барысында қызмет алушылардың жер учаскесін қосымша кеңейту жөніндегі өтініштері Атырау қаласы әкімі аппаратымен қанағаттандырылып, қосымша жер учаскесінің жеке меншік құқығын беру туралы Атырау қаласы әкімдігімен қаулы қабылданғандығы анықталды.
Әкімнің жер учаскесін жеке меншікке беру туралы қаулысында, оның негізінде кеңейту жүзеге асырылған негізгі жер учаскесінің кадастрлық нөмірі көрсетілген.
Жеке меншік құқығын беру туралы қаулыда көрсетілген кадастрлық нөмір кеңейтілген учаскенің кадастрлық нөміріне сәйкес келмейді, бұл осы жер учаскесіне құқықтарды мемлекеттік тіркеуден бас тартуға «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» ҚР Заңының 31-бабы 1 тармағына сәйкес негіздеме болып табылады.
Осылайша, аталған мәселе қызмет алушылармен кеңейтілген жер учаскелеріне құқығын мемлекеттік тіркеуіне кедергі болған.
Бұдан бөлек, Құрылыс және реконструкция жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну, оның ішінде сәулет-жоспарлау тапсырмасын ұсынуға қатысты негізсіз бас тарту туралы қызмет алушының жолданымы қаралып, Бас жоспарға және пайдалану аймағына байланысты бас тартылғандығы анықталды.
Осы ретте, Департаментпен тиісті жер учаскесі орналасқан аумақтың пайдалану аймағын зерделей отырып, ғимаратты пайдаланудың рұқсат етілген түрлері анықталды.
Жоғарыда аталғандардың негізінде, Департамент аталған қызмет алушылардың құқықтарын қорғау мақсатында, Атырау қаласының әкімдігінің қаулыларына заңнама аясында тиісті өзгеріс енгізу туралы және қызмет нәтижесін ұсыну туралы тиісті хат жолдады.
Нәтижесінде, жер учаскесінің жеке меншік құқығын беру туралы Атырау қаласы әкімдігінің қаулыларына тиісті өзгерістер енгізілді және сәулет-жоспарлау тапсырмасы ұсынылды.