АЭС – «жасыл» энергия көзі

АЭС – «жасыл» энергия көзі
(0 Votes)

Бүгін, 17 қыркүйекте Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде «Жасыл энергетиканың дамуында атом технологияларының рөлі» тақырыбында сала сарапшыларының талқылауы өтті. 

Мемлекет басшысының халыққа Жолдауы аясында берілген тапсырмалар мен міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған «дөңгелек үстелге» университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы, ғалымдар, студенттерден барлығы 70 адам қатысты. Жиында оқытушы-профессорлар мен сала ғалымдарынан құралған топ баяндама жасады.

Аталған оқу орнының ғалымдары «АЭС салу бойынша көпшілік арасында туындаған мәселелер бойынша ақпарат», «Атом электр станциясының артықшылықтары мен кемшіліктері», «Атом ядросы физикасын оқыту мәселелерін зерттеу», «Атом электр станцияларын пайдаланудың оң аспектілері», «Атом электр станцияларын салу және пайдалану кезіндегі экологиялық қауіпсіздік» мәселелері бойынша сөз сөйлеп, тақырыпты кеңінен талқылады.

Іс-шарада АЭС құрылысының экономика және экологиядағы тиімділігі пен энергия қауіпсіздігі, энергетикадағы қажеттілік пен тұрақтылығы, халықаралық тәжірибе, ядролық технологиялардың қауіпсіздігі, атом энергетикасының ерекшеліктері және болашақ физиктерді даярлау туралы да жан-жақты айтылды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521