Денсаулық - басты байлық

(0 Votes)

Әлеуметтік саладағы ең маңызды бағыт – денсаулық сақтау. Қазір Қазақстан денсаулық сақтау саласында экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің стандарттарын ендіруді кезең-кезеңімен қолға алды. Сондықтан да  бар күшті денсаулық сақтау саласындағы қызмет сапасын көтеруге салудың өзіндік орны бар.

Әрине, өңірде  санитарлық автокөліктермен қамту, бастапқы санитарлық медициналық көмекті қаржыландыру , денсаулық сақтау нысандарын  салу көбейіп келеді.

Дегенмен, медицина саласының қызметіне сын айтатындар саны да аз емес.

Үздік халықаралық тәжірибеге сәйкес, денсаулық сақтау жүйесін әрі қарай дамыту мақсатымен халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау мен ағарту шаралары да үнемі жүргізіліп келеді.

Сонда да, аймақта денсаулық сақтау саласын дамыту, оң нәтижелерге қол жеткізу үшін әлі де кезегін күткен мәселелер аз емес. Енді мәселенің тарқатылып, шешімін табар күннің жақын екендігін облысымызға қатысты міндет жүктеген ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың  тапсырмасынан айқын аңғарғандай болдық. Мемлекеттің ең басты байлығы - адами фактор.

Байлықты сақтап қалу мақсатында жұмыстың оң нәтижеге жетуін біздер, тұрғындары қалаймыз.

Жарқын жобалар жүзеге асқанын қалаймын.

З.ЖОЛАМАНОВА,

ардагер ұстаз

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT