Демалыс лагері балалар кітапханасында

(0 Votes)

Кітапханада жазғы демалыс уақытында бүлдіршіндер кітап оқитын орталық қана емес, сонымен қатар шығармашыл топтардың демалыс және басқосу орны болып отыр.

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына, балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы аясында №8 Мақат балалар кітапханасы жанынан «Бұл - біздің кітапхана» жазғы демалыс лагері ашылды.

Шарада балалар өнерлерін ортаға салып, соңында көтеріңкі көңіл күйде бір-бірімен еркін жағдайда жақынырақ танысу үшін бүлдіршіндерге тәтті дастархан ұсынылды.

Мұнда  жас ерекшелігі шектелмей, күніне 2 сағат уақыттарын демалыс лагерінде  өткізеді. 

Жазғы оқулар балалардың кітапқа қызығушылығын арттырады, кітап оқу мәдениетіне тартады, балалардың қиялын және шығармашылық қабілетін дамытады. 

whatsapp-image-2021-06-22-at-13_06_46

Балалар рахаттана отырып жұмбақтар, ертегі кейіпкерлері бойынша сөзжұмбақтар шешіп, зейіндерін тексере отыра, әдеби ойындар ойнады. Сонымен бірге балаларға өз ертегісін ойлап табу және үзінділер бойынша оған атау беру ұсынылды.  Оқырмандар шағын үзінділер оқып, өздерінің сүйікті кітаптары туралы пікір алысты.

Әр күн балалар үшін қызықты сәттермен жалғасуда. «Аяласаң, табиғатты аяла" тақырыбында қызықты ақпарат беріліп, кейін оқушылар "Жеңіс" саябағына серуендеуге шықты. 

Кітапхана балаларға өмірде сенімді дос табуға, мейірімді жолдас табуға үлкен септігін тигізеді.

А.ТАУМҰРЫНОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521