Дәстүрлі форматқа оралу үшін мұғалімдерге вакцина алу талабы қойылмайды

(0 Votes)

Жаңа оқу жылының алғашқы тоқсанында оқушылар қандай форматта білім алады? Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрағасының орынбасары Жомарт Қарамбаевқа Орталық коммуникациялар қызметінде БАҚ өкілдері осындай сауал қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл эпидемиологиялық жағдайға байланысты. Шешімді коронавирусты таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия шығарып, ол шешім Мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысымен бекітіледі. Эпидемиологиялық жағдай жақсарған кезде министрлік дәстүрлі оқыту форматына көшуге дайын», - деген Жомарт Қарамбаев қалыпты оқу форматына ауысу үшін педагогтерге вакцина алу талабы қойылмайтынын айтты.

«Мұндай талаптар қойылмайды, мұғалімдер ерікті түрде екпе алып жатыр. Ең бастысы, ұжымдық иммунитет қалыптасуы керек. Сол үшін ұстаздардың 100 пайыз вакцина алғаны жөн болар еді», - деді ведомство өкілі.

inform.kz

Сурет: ашық дереккөз

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521