Болашаққа жол ашады

(0 Votes)

Жылыой аудандық орталық кітапхана ұйымдастыруымен президентіміздің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауы жөнінде пікір алысу кеші өтті. Жолдаудың негізгі мақсаты- елдің өткеніне сараптама жасап, бүгінгі жасау керек істерінің басын ашып, ертеңгі болашаққа жол ашу, жолдауды кеңінен таныстыру.

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде “еліміздің кадрлық әлеуетін арттыру ісінде орта білім беру жүйесі өте маңызды рөл атқаратынын” айтқан болатын. Сондай-ақ мұғалімдердің біліктілігін арттыруға және әлеуметтік мәртебесін көтеруге де көңіл бөлген абзал екенін нақтылады.Міне, осы ұстанымды көздеген жиналғандар іс-шарада мемлекет басшысының жолдауы негізінде еліміздің басымдықтарын айқындап,қазақстандықтардың әл-ауқаты, білім, денсаулық саласы туралы пікір алмасты.

Диана Ізбасарқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT