2025 жылдың сәуір айында «Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистральдық газ құбырының екінші желісінің құрылысын бастау жоспарланған.
Жобаны жүзеге асыру орталық және оңтүстік өңірлерді газбен қамтамассыз етіп, солтүстік өңірлерді газдандыруға мүмкіндік береді. Ағымдағы жылы шамамен 166 МВт дәстүрлі генераторды іске қосу жоспарланып отыр, оның ішінде Топар ГРЭС-індегі қуаты 130 МВт №3 турбогенераторды іске қосу, «Текелі энергетикалық кешені» жауапкершілігі шектеулі серіктестігің жалпы қуаты 36 МВт екі газтурбиналық қондырғысын енгізу.