Бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастры жүйесінің артықшылығы неде

(0 Votes)

Атырау өңірлік коммуникациялар қызметінде өткізген баспасөз брифингінде мемлекеттік жер кадастры бойынша енгізілген өзерістер, соның ішінде «Бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастры» ақпараттық жүйесі турасында ақпарат берді.

2023 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (МЖК ААЖ ) «Бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастры» ақпараттық жүйесіне («БМЖМК» АЖ) ауыстырылды. Аталмыш жүйе жер кадастрларының және құқықтық кадастрлардың мәліметтерін қамтиды.

«Бұрын жер учаскелерін таңдау бойынша азаматтарға жер туралы мәліметтерді қарау мүмкін болмады, өтініш жазбаша түрінде жергілікті атқарушы органға беріліп, ол арнайы комиссиямен бір жылға дейінгі мерзімде қаралатын. Сонымен қатар, келісілген шешім бойынша мемлекеттік акт пен техникалық паспортқа азаматтар әрбіреуіне жеке-жеке өтініш беретін. Жоғарыда аталған екі жүйе біріктірілгеннен кейін құжаттарды жасақтау мерзімі қысқарды, жерге кезекке тұру және жер учаскелерінің құжаттарын дайындау жеделдетілді, жер учаскелерінің игерілгені немесе игерілмегені туралы мәліметті білуге мүмкіндік туындады», - деп атап өтті Филиал директорының орынбасары Дастан Жарлыкасымов.

Айта кетейік, «БМЖМК» ақпараттық жүйесі жылжымайтын мүлік объектісіне құжаттарды рәсімдеу және жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу тәртібін жеңілдету, қайталанатын бизнес-процестерді жою, орталықтан басқару, жылжымайтын мүлікке құқықтарды есепке алу және тіркеу бойынша мемлекеттік қызметтердің сапасы мен ашықтығын арттыру, нвестициялық артықшылықты арттыру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT