Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауында елдің дамуы, халықтың әл-ауқаты және ішкі тұрақтылықтың маңыздылығы кеңінен қозғалды. Президенттің: «Халқымыз тату болса, ішкі ахуал тұрақты болса, біз барлық қиындықты жеңеміз, кез келген кедергіден өтеміз» деген сөзі – барша халқымызға сенім мен үміт береді.
Қазіргі кезеңде ең басты байлығымыз – татулық пен бірлік. Ішкі тұрақтылық болған жерде ғана экономика дамиды, әлеуметтік жағдай жақсарады, болашаққа сенімді қадам жасай аламыз. Жолдауда айтылған реформалар мен бастамалар – елдің әл-ауқатын арттырып, халықтың өмір сапасын жақсартуға бағытталған.
Біз бірлігіміздің арқасында барлық қиындықты еңсереміз. Президент Жолдауы – ел болашағына сенімді жол ашатын нақты бағдар.
Шаяхмет Ищанғалиев,
аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі