БІЛІМДІ ҰРПАҚ – БОЛАШАҚ КЕПІЛІ

БІЛІМДІ ҰРПАҚ – БОЛАШАҚ КЕПІЛІ
(0 Votes)

Ардагер ұстаз ретінде мен қоғамда болып жатырған қандайма болмасын өгерістерге ұдайы назар аударып отырамын. Күні кеше ғана амал мерекесі тұсында туристік аймақ Бурабай жерінде өткен IV ұлттық құрылтай отырысы өткені мәлім. Құрылтайға қатынасқан мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі білім беру саласына қатысты бірқатар мәселеледі атап көрсетіп, оны шешу жолдарын атап көрсетті. Тура екі жыл бұрын Президент бастамасымен елімізде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынған болатын. Жобаның негізгі мақсаты мектептегі орын тапшылығын жою, сондай-ақ апатты және үш ауысымды мектептер мәселесін шешу еді. 

Елдің ертеңін мінезді де білімді ұрпақпен өлшейтін мемлекет ғана нақты шешім қабылдай алады.  Осы орайда Перезидентміз өз сөзінде «Ақмола облысы ұлттық жоба бойынша салынатын барлық мектептің құрылысын бірінші болып аяқтады. Аймақта 12 мыңнан астам оқушыға арналған жаңа білім ошақтары ашылды. Басқа облыстарда құрылыс барысы мәз емес. Үкімет пен «Самұрық-Қазына» қоры бұл жұмысты қолға алуы керек. Мен таяу арада тексеремін. Өте дұрыс бастама себебі көптеген білім ошақтары аяғына дейін жетпегенін көзіміз көріп жүр.

Сонымен қатар еліміз бойынша 500 мың оқушыға арналған екі жүзден астам мектеп салынады»,- деп нақты атап көрсетті.  Президент пайымдауынан ұққаным «Жайлы мектеп» жобасы аясында мектеп салу міндетті емес. Сапалы салынған қарапайым мектептерге де сұраныс жоғары. Жуырда Талдықорғанға бардым. Ондағы қазақ мектебі қарапайым болса да тартымды. Осындай мектептерді барлық жерде салу керек. Өйткені «Жайлы мектептер» айтарлықтай қымбат, оны әр облысқа сала берудің қажеті де шамалы деуі бекер емес. Өйткені аталған білім ошақтарын салу қаржыға келіп тіреледі. Ал қаржы халықтың теңгесі.

Тағы бір қуанарлығы ауылдық-селолық округтерде жаңа білім ошақтары бой көтермек. Яғни алдағы үш жылда 1300, соның ішінде ауылдағы 900 білім ордасын жаңғыртылмақшы. Сайып келгенде бұл ең алдымен шәкіртке дәріс беретін мұғалімнің жұмыс жасауына жағдай жасау, шәкірттердің лайықты білім алуына қолдау көрсету емес пе?!

Файзолла ҚАБИЕВ,
ардагер ұстаз

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT