Білім мен БАҚ – берік байланыста

Білім мен БАҚ – берік байланыста
(0 Votes)

Атыраудағы NIS мектебі 28 маусым – байланыс және ақпарат қызметкерлері күні қарсаңында өңірдегі бірқатар БАҚ қызметкерлерін қонақ ретінде қабылдап, жылы жүздесу ұйымдастырды.

Ашық пікір алаңы түрінде өткен бұл шарада қазіргі қоғамдағы журналистиканың миссиясы мен NIS білім беру жүйесінің ерекшелігі төңірегінде өрелі ойлар ортаға салынды. Қоғамның қозғаушы күші саналатын білім мен ақпарат саласының өзара ықпалдастығы жөнінде салмақты пікірлер айтылып, рухани сабақтастықтың маңызы кеңінен қозғалды.

Салтанатты қабылдауда мектеп директоры Ерали Бижанов жыл бойы мектеппен шығармашылық қарым-қатынаста болып, жас ұрпақ тәрбиесі мен зияткерлік орта жайында мазмұнды материалдар жариялап келе жатқан журналистерге шынайы ризашылығын білдірді. Сырлы қаламымен елге қызмет етіп жүрген кәсіби мамандарға арнайы алғыс хаттар мен естелік сый-сияпаттар табысталды. 

Марапат иелері қатарында – «Азан радиосының» директоры Жанат Қанатқызы, Индер аудандық «Дендер» газетінің веб-редакторы Ақмарал Бокирова, «Кең Жылой» газетінің веб-редакторы Жансая Әбдікәрімова, Құрманғазы аудандық «Серпер» газетінің веб-редакторы Гүлдана Бралиева, Атырау телеарнасының редакторы Аяла Қанатова, «Қызылқоға» газетінің веб-редакторы Кәмшат Әбіш, облыстық «Атырау» газетінің аға тілшісі Майра Ерғали, Atr.kz сайтының редакторы Алтыншаш Құрмашева, Махамбет аудандық «Жайық шұғыласы» газетінің веб-редакторы Гүлдана Сәдуақасова, «Мақат тынысы» газетінің веб-редакторы Жанат Мурзагалиева, «Нарын таңы» газетінің веб-редакторы Әсел Табиғатова, журналист, Атырау қаласындағы NIS ұстазы Ануар Аубекер, «Прикаспийская коммуна» газетінің редакторы Бекарыс Төлеген , Атыраудағы NIS PR-менеджері Орынгүл Махмуд болды.

NIS ұжымы атынан барлық БАҚ өкілдеріне шығармашылық шабыт тілеп, шынайы алғыс білдіреміз. Қоғамның көзі, құлағы һәм тілі болған журналистика майталмандарына мейрамдары құтты болсын дейміз! Еңбектеріңіз жанып, мәртебелеріңіз биік болсын!

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT