«Батыс» өңірлік қолбасшылығында балалар арасында суреттер байқауының қорытындысы шықты

(0 Votes)

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы Отан қорғаушылар күніне арналған сурет байқауын өткізді. Қатысушылар 200-ден астам жұмыстарды ұсынды.

Жас суретшілер өз жұмыстарын үш номинация бойынша ұсынды: «Менің әкем - батыр», «Қазақстан - әлем елі», «Біз батырлардың ерліктерін еске сақтаймыз». Шығармашылық жұмыстар 3-тен 6 жасқа дейін, 7-ден 13 жасқа дейін және 14-тен 17 жасқа дейінгі жас санаттары бойынша бағаланды.

whatsapp-image-2021-04-26-at-11_48_34-1

Байқаудың мақсаты - жас ұрпақты отансүйгіштікке, Отанға деген сүйіспеншілікке, өз тарихына деген мақтаныш рухында тәрбиелеу, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, дарынды жастарды қолдау және өз елдерінің тарихын зерттеуге деген қызығушылықтарын арттыру болып табылады.

- Шығармашылық жұмыстар түрлі-түсті немесе «граффити» стилінде жасалды. Олар байқау тақырыбына сәйкестігі, авторлық шешімнің ерекшелігі және орындалу сапасы бойынша бағаланды, - дейді әскери қызметкерлердің отбасы мүшелерімен жұмыс жөніндегі қызметтің бастығы Эльвира Ақынбаева.

whatsapp-image-2021-04-26-at-11_48_35-1

Әділқазылар алқасының шешімімен Лимара Мадиева, Жасмин Асилова, Василиса Журавлева, Нұрдана Эрнст және Нұрасыл Лесхан салған суреттер үздік деп танылды.

whatsapp-image-2021-04-26-at-11_48_35

Облыстық кезең жеңімпаздарының жұмыстары елордаға жіберілді. 2021 жылы 5 мамырда нәтижелер шығарылып, байқау жеңімпаздары өз марапаттарын алатын болады.

 

ҚР ҚМ Атырау гарнизоны бойынша баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT