Атырау облысына QAZVAK вакцинасының алғашқы 2000 дозасы жеткізілді

(0 Votes)

Атырау облысының әрбір тұрғыны қазақстандық вакцинаны алуына болады. Қазір отандық екпе қолданысқа шықты, деп хабарлайды Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Бұл туралы Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев айтты. Басқарма басшысының айтуынша, екі компоненттен тұратын QAZVAK вакцинасының алғашқы 2000 дозасы 25 сәуір, жексенбі күні Атырауға жеткізілді. Бүгінде вакциналар екі егу пунктіне - Атырау қаласының 4 және 7 емханаларына бөлініп таратылды.

-Қазақстандық QazCovid - in (QAZVAC) вакцинасы – бұл екі дозалы вакцина. Бір құты бір адамға есептелген. Сонымен қатар, отандық вакцина мұздатуды қажет етпейді, плюс 2 - ден 8 градусқа дейінгі температурада сақталады, - деп түсіндірді Асхан Байдуәлиев.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық вакцинаның алғашқы партиясы биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты базасында 50 мың дозасы шығарылды және қазірдің өзінде Қазақстанның барлық өңірлеріне таратылуда. Бүгін QAZVAK вакцинасын бірінші болып ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой алды.

Сурет: ашық дереккөз

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT