Мемлекеттік қызметшілер халық мүддесін қорғауға және олардың әл-ауқатын жақсартуға міндетті.
Батыл шешімдер қабылдау арқылы олар қиын жағдайларда тиімді әрекет етіп, елдің тұрақтылығын қамтамасыз ете алады. Кейде шешімдер жылдам қабылдануы керек, ал ол белгілі бір тәуекелдермен байланысты болуы мүмкін. Бірақ дұрыс есептелген тәуекелдер экономикалық, әлеуметтік немесе саяси салада үлкен жетістіктерге әкеледі. Шешімдер әділдікке және заңдылыққа негізделуі тиіс. Халықтың сенімін ақтау үшін бұл шешімдер қоғамның мүддесіне бағытталған болуы маңызды.
Бүгінгі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінен осыны ұқтым. Ең бастысы, дәл қазір бізге батыл шешімдерді қабылдайтын уақыт. Сол кезде ғана нәтиже болмақ.
Абылай ҚҰРМЕТҰЛЫ,
«AMANAT» партиясының «Жастар рухы» жастар қанаты облыстық филиалының төрағасы