Бас прокуратура қазақстандықтарға үндеу жасады

(0 Votes)

 Қадағалаушы орган заңсыз митингілерге қатысатын азаматтардың жауапкершілікке тартылатынын тағы бір мәрте ескертті

8403457

Бас прокурорының орынбасары Болат Дамбаев қазақстандықтарға үндеу жасады.

"Жеке тұлғалар ел азаматтарын 2020 жылдың 6 маусымында заңсыз бұқаралық митингіге шығуға шақырып жатыр", - делінген хабарламада.

Жаңа белгіленген тәртіпті бұза отырып өткізілетін митингіні ұйымдастыру және қатысу заңсыз болып саналады және әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 488-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылған (15 тәулікке қамауға дейін).

Егер бұл әрекет азаматтардың, ұйымдардың, қоғамның немесе мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтіретін болса, қылмыстық кодекстің 400-бабы ("Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібін бұзу") бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

sputniknews.kz

Сурет ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17098-Г куәлігі берілген.

Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев к-сі, 36. makat70@mail.ru 
8 (712)39 3 07 66

Әлеуметтік желілеріміз