Тұрмыстық зорлық-зомбылық, ішімдік, нашақорлық, уытқұмарлықтың алдын алу мақсатында «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен шара өтті.
Кеш қонақтары ардагерлер Сафи Саршаев мен Байғали Сарсекбаев оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беріп, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы елімізде заң бар екенін айтты.
Оқушыларға орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті тұлға болуға үгіттеді.
Ал, ардагер ұстаз Акимова Жеміс апай отбасы тәрбиесі, балаға білім, тәрбие беру жөнінде қысқаша ой түйгендерін қорытындылады.
Аудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторы Камшат Серікбаева аудан бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында «зорлық-зомбылықсыз 16 күн» атты акция кезінде атқарылған іс-шаралар жөнінде айтып өтті.
А.ТАУМҰРЫНОВА
Cурет автордікі