БАҚЫЛАУ ШАРАСЫ НӘТИЖЕСІНДЕ (АРЫЗСЫЗ) ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

БАҚЫЛАУ ШАРАСЫ НӘТИЖЕСІНДЕ (АРЫЗСЫЗ) ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ
(0 Votes)

Департаментпен жүргізілген мониторинг нәтижесінде, Атырау облысы Қызылқоға ауданының тұрғыны «Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу бойынша Қызылқоға аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөліміне (бұдан әрі – Бөлім) өтінімін түсірген.

Қағидамен бекітілген Стандартқа сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтініш берушіден талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі бойынша қызмет алушы эскиздің (эскиздік жобаның) электрондық көшірмесін ұсыну қажет.

Бұл ретте, қызмет алушы А.А. өтінімімен қоса эскиздің (эскиздік жобаның) электрондық көшірмесін ұсынған.

Алайда, Бөлім тарапынан қызмет алушыға «эскиздік жобасы көрсетілмеген» деп көрсетіп, мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тарту фактісі анықталды.

Атап өту қажет, тексеріс барысында қызмет алушы А.А. ұсынылған эскиздік жоба ешқандай ақаулықсыз және кедергісіз ашылып отырғандығы анықталды. Аталған бұзушылықтарды жою және қызмет алушы А.А. бұзылған құқықтарын қалпына келтіру мақсатында, Департаментпен Бөлімге тиісті ұсыным жолданды.

Нәтижесінде қызмет алушы А.А. ұсынылған эскиздік жоба келісілді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT