Банктер жүйесіне жаңа заң қабылданбақ

(0 Votes)

 2024 жылғы 2 қыркүйекте Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялап, саяси және әлеуметтік-экономикалық даму перспективалары туралы көзқарасын ұсынған болатын.

Өз кезегінде Президенттің бастамалары мен ұсыныстары салық жүйесін қайта жаңғырту, шағын және орта бизнесті қолдау шараларын да қамтыды.

Соған сәйкес цифрлық активтердің айналымын қамтамасыз ету және банк саласының қауіпсіздік талабын енгізу үшін оны реттейтін тетіктердің тұрақты болуы маңызды болып саналатынын жеткізді.

Сондай-ақ, жолдауда Мемлекет басшысы бізге банктер туралы жаңа заң қажет екенін де ұсынған болатын.

Экономиканы қарқынды дамыту үшін мемлекеттің қаражатын тиімді пайдалану қажет.

Сондықтан, жаңа заң қабылданатын болса, біраз банк жүйесіне өзгерістер енгізіліп, бюджетаралық қарым-қатынаста ретке келетін болады деп есептеймін.

Бұл өз кезегінде халық пен мемлекет үшін пайдалы болмақ.

Гүлназ Едігеева,

аудандық кәсіпкерлік палатасының директоры

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT