Жұмысшы мамандықтар жылына орай, Тасшағыл ауылы бойындағы Бәйтік маңында «Балық аулаудан» турнир өтті.
Салауатты өмір салтын насихаттай отырып, балық аулау спортын таныту, қатысушылардың біліктілігін арттыру және тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік беру мен табиғатқа деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында өткен жарысты "Жастар ресурстық орталығының" басшысы Ризабек амантай ашып, қатысушы балықшыларға сәттілік тіледі.
"Аталған жарысқа барлығы 40 адам қатысып, өз бақтарын сынап, арнайы медаль, сыйлықтар және дипломдармен марапатталды. Өзге қатысушыларға арнайы сыйлықтар табысталды. Алдағы уақытта бұл жарысты дәстүрлі түрде өткізуді жоспарланып отырмыз" дейді Р. Амантай.