БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА

БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА
(0 Votes)

АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНДЕ АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ «ЖАНҰЯ МЕН БАЛА» ІС-ШАРАСЫ АЯСЫНДА «ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖӘНЕ ҚЫЛМЫС» ТАҚЫРЫБЫНДА МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ. КЕЗДЕСУГЕ АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ, ПОЛИЦИЯ МАЙОРЫ АРМАН ҚҰБАШЕВ, АУДАНДЫҚ «ӘЙІП ҚАЖЫ» МЕШІТІНІҢ БАС ИМАМЫ ЕРАЛЫ ҚАМЗАҒАЛИЕВ, АУДАНДЫҚ ІШКІ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ АНАРГҮЛ ДЮСУБАЛИЕВА, АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ӘДІСКЕРІ ТҰРСЫНАЙ АРЕНОВА, АУДАНДЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ ТЕМІРЛАН БЕРТЛЕУОВ ПЕН МЕКТЕП МҰҒАЛІМДЕРІ, ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ ҚАТЫСТЫ. 

Бүгінде балалардың қауіпсіздігі – өзекті мәселенің бірі. Сондықтан аудан көлемінде 9-13 қыркүйек аралығында «Жанұя және бала», «Абайлаңыз, балалар» іс-шарасы өткізілуде. Бұдан өзге, жолдағы қауіпсіздікті сақтау мақсатында әр мектептің жанында жылдамдықты шектейтін жол белгілері, жаяу жүргіншілер өткелдері мен жа санды кедергілер орнатылған. Десе де, ауданымызда көлік саны да артып, оған қоса электр скутерлері, самокат, мопедтер де көбейіп, басым көпшілігін мек теп оқушылары қолданып жүргені алаңдатып отыр. Қазіргі таңда қабылданған заңға сай, электр скутерлер көлік құралы болып есептеледі. Сондықтан онымен жолаушыларды тасымалдауға тыйым салынады және 18 жасқа толмаған, жүргізуші куәлігі жоқ адамдардың самокат пен электро скутер жүргізуіне тыйым салынады.

Жиынды бастаған аудандық полиция бөлімін жергілікті поли ция қызметі бөлімшесі ювеналды полиция тобының аға инспек торы, полиция майоры Гаухар Құбашева жасөспірімдер арасын да кездесетін құқық бұзушылық пен Заңда көрсетілген ережелерге тоқталды.

– Республика аумағында белең алып жатқан мәселенің бірі – бул линг, кибербуллинг. Бұл бағытта ағымдағы жылы 16 маусымда жаңа заң қабылданды. Егер оқушылар арасында буллинг, ки бербуллинг анықталған жағдайда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 127-2 бабы мен ата-аналар, егер 16 жасқа толған жасөспірімдер анықталған жағдайда өздері жауапкершілікке тартылады. Әлсіздерді қорлап, мазақ етпес бұрын ол сыныптас немесе бастауыш сынып оқушысы болсын, бұл, ең алдымен, оның денсаулығына орны толмас зиян келтіруі мүмкін екенін ойлау керек. Қолданыстағы заңдарға сәйкес, 16 жасқа толған адам қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Бұл ретте бірқатар ауыр және аса ауыр қылмыстар, (кісі өлтіру, зорлау, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, адамды ұрлау, тонау, бопсалау, терроризм актісі ту ралы көрінеу жалған хабарлау) бұзақылық және тағы да басқа құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық жауаптылық 14 жастан басталады.

Сонымен қатар, жасөспірімдер арасында бопсалау фактісі бойынша санкцияны 13 млн. теңгеден астам айыппұл түріндегі жазаны не 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді. Сол үшін құқық бұзушылық жасамас бұрын ойланыңыздар, өз өмірлеріңізге кесірі тиетін жайттардан аулақ болыңыздар, - деді ол.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында синтеталық есірткіні тұтынудың артуы ұлт денсаулығына үлкен қауіп төндіретінін бірнеше рет атап өтті. Көптеген жас, егер олар есірткіні бір рет қолданса, жа ман ештеңе болмайды, мұндай әрекеттер үшін жауапкершілік қарастырылмаған деп санайды. Бұл – қате пікір. Осы және өзге де мәселелер төңірегінде аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Арман Құбашев атап өтті.

– Еліміздегі ушығып тұрған мәселенің бірі – топтық төбелес. Жақында ғана 16-17 жас аралығындағы 3 жасөспірім үйіндегі автокөлікті айдап кетіп, трактормен соқтығысқан. Салда рынан үшеуі де ауруханада ауыр дене жарақаттарымен ем алуда. Және мопед, скутер, электро самокаттармен бала қағу, жаяу жүргіншілер жолынан қатты жылдамдықпен өтіп, ережені сақтамау, жол-көлік оқиғасы секілді жайттар орын алып отыр. Бір ғана заң бұзушылықтың сал дарынан баланың өміріне қауіп төнетінін ескеріп жатпайды. Психологтар «синдром толпы» тіркесін айтады. Мысалы, сауда орнына барғанда алдыңғы адам қай есікпен ішке кірсе, арттағы басқалары да сол есікті қолданады. Жанындағы есіктерге мән бере қоймайды. Жасөспірімдер ара сында орын алатын жаппай топтық төбелес те солай орын алады. Қазір оңай жолмен ақша табу ды көздеу салдарынан жасөспірім жастар нашақорлықтың таралу ына араласып, қалай өздерінің өміріне балта шапқанын түсінбей жатады.

Сондай-ақ, мектептерде, адам көп шоғырланған орын дарда жарылғыш зат бар деген жалған хабарлама таратылады. Ал сіз ойнап айтқан жалған хабарламаның салдарынан сіз және отбасыңыз туралы ақпарат Ұлттық қауіпсіздік комитетінде сақталатын болады. Біз «СИЗО», түрмеге барып жастармен кездесіп, профилактикалық түсінік жұмыстарын жүргіземіз. Қазіргі қоғамдағы теріс жайттың бірі – құмар ойынға тәуелділік, яғни лудомания. Мұндай ойындарға ойын ав томаттары, онлайн ойындар, ставкалар, компьютерлік және құмар ойындар жатады. Сол себепті, оқушылар, бұндай теріс дүниелерден сақ болыңыздар. Қылмыс жай ғана бала кездегі шемешкіні, не қағазды көшеге лақтырудан басталады. Үйдегі ата-ана, мұғалім сіздер жақсы болсын деп тәрбие беріп, ақылын айтып жатыр. Алайда, қазір 70 пайыз тәрбиені жастар қолымыздағы ұялы телефоннан алып отыр.

Қазір елімізде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы өтуде. Сол сияқты әр мектеп оқушысы бір-біріне эстафета жолдау арқылы бірі – саябақтардағы қоқысты жинап, бірі түсі оңып кеткен қоршауларды сырласа, бірі теректерді әктесе сіздер өз туған жерлеріңізге қосқан үлестеріңіз болар еді. Өз жасаған жұмыстарыңызды әлеуметтік желіге салсаңыз, көпке үлгі боларыңыз анық, – деді ол өз сөзінде.

Одан соң аудандық «Әйіп қажы» мешітінің бас имамы, те олог Ералы Қамзағалиев отбасы құндылықтары, жасөспірімдердің тәртібі туралы айтты.

– «Жас шыбық түзеуге тез келеді» демекші, қателік болса, жас кездеріңізде тез жөндеп, боқтық сөз айтудан тыйылып, ата-ананы сыйлап, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге дағдыланайық. Асыл дінімізде өмірге қауіп төндіретін барлық затқа тыйым салады. Сол үшін өз денсаулығымызға жауапкершілікпен қарап, маскүнемдік, нашақорлық, ұрып-соғу, лудомания, суицид секілді құқық бұзушылықтардан аулақ болайық. Бір адамның қателігінен барлық отбасы мүшелері уайымға салынатынын ескерейік. Бос уақытыңызды тек ке құртпай, түрлі үйірмелерге барып, спортпен шұғылданып, жаңа білім алуға жұмсау қажет. Болашақта жас кезіңізді әсерлі жақсы естелік қаларлықтай ету ге жұмсаңыздар, - деді бас имам.

Кездесу аясында аудандық ішкі саясат бөлімінің бас шысы Анаргүл Дюсубалиева жасөпірімдер мен жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпарат беріп, баланы кішкентайынан еңбекке баулуға тәрбиелеу керектігі жөнінде айтса, аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Темірлан Бертлеуов жастар мен жасалатын жұмыстарға тоқталды. Ал, аудандық білім бөлімінің әдіскері Тұрсынай Аренова білім беру ұйымдарындағы оқу мен тәртіп туралы сөз қозғады.

– Біз жыл сайын 11 сынып бітіретін түлектерге жол бой ында көліктер шеруін жасамау керектігі жөнінде айтамыз, алайда оқушылар сол күні кеш ке көліктен бастарын шығарып, жүргізуші куәлігінсіз көлік тізгінін басқарып, жол бойын да жүреді. Осындай әрекетпен енді ғана жаңа өмірге қадам басқалы отырған өзіңіздің өміріңізге орны толмас өкінішке ұрынуыңыз мүмкін. Өткен оқу жылынан ба стап «Біртұтас тәрбие беру» бағдарламасы енді. Әл-Фараби: «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген. Бағдарлама алты құндылықпен жүреді, ең бастысы – бала қауіпсіздігі. Білім беру орындарына ішкі дәретханалар, камера лар, турникеттер орнатуда. Соның өзінде жасөспірімдер арасындағы әлімжеттік, ерте жүктілік, ұрлық фактілері орын алуда. Шындығында сіздерге мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалып отыр. Сондықтан сіздер білімсіз болуға тиісті емессіздер. Барлық күш-жігерлеріңізді, бойдағы қабілетіңізді білім алуға жұмсаңыздар. Сонымен қатар, 2016 жылы мектеп формасын сақтау тура лы ереже шықты. Сол ережеге бағынып, мектеп формасын сақтау керек, - деген Тұрсынай Аренова бос уақытты тиімді ұйымдастыру мақсатында білім бөліміне қарасты үш қосымша білім беру ұйымы, яғни Индер балалар мен жасөспірімдерді даярлық клубында өткен жылы 572 бала, Индер балалар өнер мектебінде өткен жылы 735 бала, оқушылар шығармашылық орталығында өткен жылы 748 бала қабылданғанын, одан бөлек спорт мектебінде және «Даму бала» арқылы түрлі үйірмелер, жекеменшік оқыту курстары жұмыс жасайтынын атап өтті. 

Кездесуді аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Арман Құбашев қорытындылап, сала мамандарының айтқан кеңестерін ескеріп, қауіпсіздікті сақтау шараларын естен шығармау қажеттігін айтты.

Жадыра НАРИМАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT