Баға да өсіп барады

(0 Votes)

Санаулы күндердің ішінде әлемдегі аты жаман ауруға байланысты дүрбелеңі көңілімізге алаң кіргізіп, күйбең тіршілігіміз күрт өзгерді.

Дәріханалар мен азық-түлік дүкендеріндегі қарбаласқа көзіміз бұрын үйрене қоймағасын ба, бұл құбылыстың бәрі бөтен, көзге оғаш көрінеді. Осы орайда азық-түлік бағасының да аяқ астынан шарықтап шыға келгені жасырын емес. Себебін білмек ниетте азық-түлік дүкендерінің иелерімен тілдестік. Білгеніміздей, бұл іске жергілікті кәсіпкерлердің еш кінәсі жоқ. Ресеймен шекараның уақытша жабылуына байланысты олардың да тауар алып жүрген  сауда нүктелері бағаны  күрт өсіріп жіберген. Мысалы, бұрын 1400 теңгеден алып жүрген 5 литрлік күнбағыс майы 1800 теңгеге өссе, 25кг. ұнның бағасы 4000 теңге болса, енді ол 4800 теңгеге дейін көтеріліп кеткен.

А.САДЫКОВ

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT