Атырауда төтенше жағдайға байланысты call-орталық жұмыс істеп тұр

(0 Votes)

Атырау облысында төтенше жағдай кезінде шұғыл жауап беретін жедел желі ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облыстық ведомствоаралық жедел штабының бастамасымен жедел желі жұмысын бастады. Енді өңір тұрғындары төтенше жағдай кезінде туындаған кез келген сауалға 109 қысқа нөмірі арқылы жауап ала алады.

Сондай-ақ, осы нөмірге заң бұзу фактілері туралы да хабарлауға болады. Енгізілген шектеулер жөнінде жедел желі арқылы кеңес беріледі.

Сонымен бірге, WhatsАpp мессенжерінде жедел желінің +7 775 000 6109 нөмірі іске қосылды.

inform.kz

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT