Ауылды дамыту – ортақ міндет

Ауылды дамыту – ортақ міндет
фото: osken-onir.kz
(0 Votes)

Ауыл –  қазақтың күретамыры. Ал ауыл шаруашылығы – мемлекет экономикасының басты күші болып табылады. Осы ретте  соңғы жылдары елімізде ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында көптеген жобалар қолға алынуда. Соның бірі – «Ауыл аманаты» бағдарламасы.

Аталған бағдарлама 2023 жылы мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес іске қосылған болатын. 

Осы бағдарлама арқылы бүгінде көптеген аудан тұрғындары өз кәсіптерін бастап, ауданның ауылшаруашылығы саласын алға жылжытуда.

Атап айтар болсақ, өңірде мал және егін шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Оған ауданымыздағы жылыжай өндірісінің дамуы дәлел деп ойлаймын. Соның нәтижесінде бүгінде біз барлық көкөністер мен жеміс-жидектерді жергілікті кәсіпкерлерден алып, тұтынып отырмыз.

Одан бөлек ауданымызда көптеген жаңа нысандар бой көтеріп, бірнеше білім ордалары мен тұрғын үйлер салынынуда. Жастар үшін жаңа спорттық ғимараттар мен балалар ойын алаңдары бой көтеруде.

Бұның барлығы ауданымыздың дамып келе жатқанының бір көрінісі деп білемін.

 

Шаяхмет Ищанғалиев

ардагер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT