Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында өте өзекті мәселелер, атап айтқанда ауылдың тұрмыс деңгейін кешенді дамытудың стратегиялық маңыздылығы, ауыл тұрғындары үшін сапалы қызмет көрсетудің маңызы мен қажеттілігі, қаржылық қызметтерді алуға қол жетімділікті қамтамасыз ету, тағы басқа көптеген мәселелерді көтеріп, оны шешу үшін тиісті органдарға тапсырма берді.
Солардың бірі – «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінің республиканың түкпір-түкпірінде, ең шалғай ауылдық жерлерде де үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Осы және өзге де мәселелер мен тапсырмалар кезең-кезеңімен жүзеге асып, халық игілігіне жұмыс жасайды деген сенімдеміз.
Айдана Тайранова,
жас маман