«Ауыл аманатының» алар асау алда

(0 Votes)

«AMANAT» партиясының «Ауыл аманаты» жобасы – «Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы» кешенді жоспарының кіші бағдарламасы. Бірнеше маңызды бағыттарды қамтитын бастаманың негізгі межесі – ауыл-аймақтардағы ахуалды оңалту.

Жоба туралы ел арасында ақпараттық-насихаттық жұмыстар жүргізу мақсатында партия тарапынан құрылған мобильді топ өкілдері Зульфия Кубеева, Динара Сүйіншқалиева, Амандық Абуов, Асқар Имағанбетов сынды мамандандырылған бірнеше бизнес тренерлер Мақат және Доссор кенті тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Аудан орталығындағы басқосу Жастар ресурстық орталығында ұйымдастырылып, кәсіпкерлер мен жастар және кент тұрғындары қатысты.
Ауыл тұрғындары арасында жастар үлесі мол. Олардың ел болашағы, аудан тұрмысының жақсаруы үшін қосатын үлестері де зор. Сондықтан, кәсіп бастап, табыс табамын деген жандарға мемлекет тарапынан қолдау түрлері қарастырылған. Ауыл халқы осы бағдарлама-бастамалалардан көп жағдайда кенже қалып жататыны жасырын емес. Сондықтан, партияның «Ауыл аманаты» жобасы осы кемшіліктерді жою үшін бастау алып отыр. Яғни, ауылдарды дамыту, кәсіп көздерін молынан ашу, осы бағытта жұмыс жасаймын деген жандарға қаржылай көмек беру.
Кездесу барысында төмен пайызбен несие алып, іс бастау, тауар өндіру, оны сату туралы бизнес тренерлердің айтарын тыңдаған қатысушылар да өз сауалдарын жолдады.
Бәйгетөбе ауылдық округінің тұрғыны Жеңісбек Сағидоллаев ауданда су тапшы екенін жеткізіп, ауылшаруашылығы бағытына бұл үлкен кері әсерін тигізетінін айтты.

«Әр кәсіпті дамыту үшін ең алдымен су мәселесін шешу қажет. Біздің ауданда техникалық су жоқ. Жер асты сулары да тартылып барады. Жалпы су бизнес болсын, болмасын керек екені баршамызға белгілі. Сондықтан, алдымен жағдай жасау қажет», - деп өз ұсынысын білдіре кетті.

Ал, жеке кәсіпкер Саламат Қуанышев кәсіпкерлер тоқты жеке тұлғалардан 6 есе артық төлейтінін айтып, өз уәжін білдірді. «Тоқтың сапасы нашар. Бір де бар, бір де жоқ. Бұл дүкендегі азық-түлікті бүлдіреді. Бұл үлкен шығын екені сөзсіз. Ал, төлейтін ақымыздың тарифі өте қымбат»,- деді ол.
Әрі қарай кездесу Доссор кентінде жалғасып, Мақат мұнай және газ техналогиялар колледжі базасында ауыл тұрғындары, ардагерлер, кәсіпкерлер, тұрғындардың табысын арттыруға арналған партияның жаңа жобасымен танысты.
Мобильді топтың бизнес тренерлері қатысушыларға жылдық мөлшерлемесі 2,5 пайызды құрайтын жеңілдетілген несиені қалай алуға болады, коорперативті не үшін құру керек, мемлекет техниканы лизингке алуға көмектесе ме секілді сұрақтар төңірегінде әңгіме өрбітті. Шара барысында кәсіпкерлер мен ауыл тұрғындары тренерлерге жеке сұрақтарын қойып, кеңес алды. Жалпы бағдарлама шеңберінде 2023-2025 жылдары аралығында әр жыл сайын еліміздің барлық облысына жобаны жүзеге асыруға арналған бюджеттік несие бөлу көзделіп отыр. Заңнамаға енгізілетін түзетулер пакеті әзірленді. Ол қаражат алу тетігін айтарлықтай жеңілдетіп, жобаны іске асырудың тиімділігін арттырады.

d2e23bd3-29de-4b3e-8505-de5f9b4c67a1

- Қазіргі таңда Батыс Қазақстан облысы бойынша «Ауыл Аманаты» жобасын түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл жобаның бір ерекшелігі болашақта ауылдағы бизнесті дамытуға 2,5 пайыздық несие беру қарастырылған. Қазіргі таңда біздер осы жобаны түсіндіріп, халықтың ұсыныстарын алып жатырмыз. Бұл бізге әріқарай жобаны дамытуға болама, бұл халыққа керек пе деген секілді сұрақтардың жауабын беретін болады. Мұнайлы аудан халықының ұсыныстарын тыңдадық, болашақта әріқарай сол ұсыныстармен жұмыстанамыз, - деді «Ұлы дала» ауылшаруашылығын дамыту ассоциациясының эксперті Динара Сүйінішқалиева.

Басқосуға қатысқан бизнес тренерлер грант алу тәртіптері туралы да айтып өтті. Алайда, мамандар қаржылай қолдауға ие болғандар арасында көп ұзамай жеке кәсіпкер ретіндегі жұмысын тоқтатып, оны жабуға тура келетін жеткізді. Сондықтан, бизнес жоспарды сауатты құру, жобаның өміршең, аймақ үшін қажетті болуы маңызды екенін алға тартты.

- «Ауыл аманаты» жобасы – өте керекті бастама. Партия тарапынан халықпен осылайша ашық пікірлесіп, ұсыныс-тілектерін жинақтауы – қажетті қадам. Өйткені, тұрғындар нақты ахуалды көрсетіп, оны шешу жолдарын да айта алады. Елдің пікірін ескеріп, жұмыс жасауға ниеттеніп отырғаны қуантады. Жалпы, жоба ауылға қатысты болғанымен, ауыл шаруашылығы саласын ғана қолдайды деген сөз емес. Бизнес тренерлер де осыны айтып, түсіндірді. Кез-келген бастаманы қолға алып, дамытуға болады. Тек ауыл үшін маңызы бар, яғни, қажетті іс болуы керек. Мен ІТ саласында жұмыс жасайтын болғандықтан, бұл саланы да ауылда дамытуға болатыны туралы ой түйдім»,- дейді кездесуге қатысқан Барша-Мұрат Амантаев.

Аталмыш бағдарлама аясында Мақат, Доссор кенттері және Бәйгетөбе ауылдық округі әкімдері арнайы оқытудан өткен болатын. Олар енді өздері басшылық ететін ауылда өңдіруге болатын басым бағыттарды анықтауда. Тұтынушылардың сұранысына сай өнім өндіру үшін халықтың біліктілігін арттыруды жоспарлап отыр.


М.ІЗТҰРҒАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521