Ішкі істер органдарында қызмет ету - Қазақстан Республикасы азаматтарының халық пен мемлекет алдындағы қызметтік міндеттері мен кәсіби парызын орындаумен байланысты мемлекеттің ерекше түрі.
Ішкі істер органдары қызметкері болу оңай мамандық емес. Алайда осы ішкі істер қызметі саласындағы көптеген қызметкерлер еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қоғамдық тәртіпті сақтауда еселі еңбек атқарып жүр.
Мақат ауданы полиция бөлімінде бүгінгі күні 19 бірлік бос лауазым.
Әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы - 1
Кезекші бөлімшесінің жедел кезекшісі - 2
Кезекші инспектор-1 (Доссор)
Жедел кезекші көмекшісі - 1
Учаскелік полиция инспекторы -9 (Мақат - 4) (Доссор - 5)
Учаскелік полиция инспекторының көмекшісі-3 (Доссор)
Кинология тобының кіші инспекторы кинологі -1
Учаскелік полиция инспекторлар тобының аға инспекторы-1
Ішкі істер органдарына жұмысқа шақырамыз.
Ішкі істер органдарында қызмет өткерудің артықшылықтары:
- Қызмет өтіліне және арнаулы атағына байланысты лауазымдық жалақының артуымен тұрақты жалақы 150 000 теңге және одан да жоғары.
- Сауықтыруға арналған жәрдемақы, мансаптық өсу
- Ведомстволық емдеу мекемелерінде тегін медициналық қызметкөрсетіледі
- Лайықты зейнетақымен қамтамасыз етіледі
- 45 күндік ақылы жыл сайынғы еңбек демалысы беріледі
- Қызметтік пәтермен қамтамасыз етіледі немесе пәтер жалдауға қаржы бөлінеді
- ІІО-ғы қызмет мерзімі жеңілдік шарттарымен есептеледі
- Тегін нысанды киіммен және қызметтік автокөлікпен қамтамасыз етіледі.
Талаптар: жасы 35-тен аспаған, білімі орта (қатардағы құрамның лауазымына (сержант)) және жоғары (қызмет бағытына байланысты басшы құрамның лауазымына (офицер)), Мемлекеттік қызмет істері агенттігі уәкілетті органы беретінтестілеуден өту туралы сертификаттың бар болуы.
К.Серікбаева,
Мақат АПБ КСТ аға инспекторының м.а
Сурет: ашық дереккөз