Ауданда саяси додаға дайындық қызу

(0 Votes)

20 қарашаға бекітіліген Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы бір айға жуық уақыт қалды.

Осы орайда аудандағы дайындық жұмыстарын білмек ниетте аудандық аймақтық сайлау комиссиясының төрағасы Рахман Мақсотұлымен байланысқан едік.

Оның сөзінше кезектен тыс Президент сайлауына дайындық жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Сонымен қатар, бірқатар іс-шаралар жоспары жасақталып, сайлауға қатысты ақпараттық түсіндіру жұмыстары қолға алынған.

«Аудан бойынша 12 сайлау учаскесі бар. Қазіргі таңда аумақтық комиссия жұмысқа белсене кірісті. Көшелерге баннерлер ілініп, сайлау алдындағы дайындық жұмыстары ойдағыдай жүріп жатыр. Одан бөлек, жергілікті атқарушы органдар сайлаушылардың тізімдерін нақтылауда», - дейді аудандық аймақтық сайлау комиссиясының төрағасы Р.Мақсотұлы.

Айта кетейік, әрбір азамат сайлаушылар тізіміндегі өзі туралы деректерді тексеруге және тізімге енгізілмегені, дұрыс енгізілмегені немесе тізімнен шығарып тасталғаны, сондай-ақ, тізімдердегі сайлаушы туралы деректерде жаңсақтық жіберілгені үшін шағымдануға құқылы. Ал, сайлаушылар тізіміне енгізуді тексеру немесе тізімге енгізу үшін қайда жүгіну қажет екенін тиісті әкімдіктің сайты немесе Call-орталығы арқылы ақпарат ала алады. Сонымен қатар, 2022 жылғы 4 қарашадан бастап азаматтарға белгілі бір учаскедегі сайлаушылар тізіміндегі өздері туралы деректерді тексеру мүмкіндігі беріледі.

Еске сала кетейік, дауыс беру 2022 жылдың 20 қарашада жергілікті уақыт бойынша 7.00-ден 20.00-ге дейін өтеді.

 

Ә.ҚАСЫМ

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521