Аудан тұрғындарына тегін шприц таратылуда

(0 Votes)

Қауіпті індеттің алдын алу шаралары ауданда әлі жалғасып, жергілікті атқарушы орындар халыққа мүмкіндігінше әлеуметтік қолдауларды ұйымдастыруда.

Сонымен қатар, жомарт жандардың қол ұшын созуымен қайырымдылық шаралар да жалғасуда. Осы орайда Атырау қаласындағы шприц шығаратын «BRANDO» компаниясының басшылығы облыс халқына тегін шприц шығарып таратуды ұйғарған болатын.

Бұл қайырымды іс барысында біздің аудан жұртшылығы да аталмыш компания басшылығы және «Атамекен ЭКО» қоғамдық қорының төрағасы Арман Хайруллиннің ұсынысымен тегін шприцтермен қамтылуда.

106367913_196412281781213_4406529101903

Бүгін де аудандағы кент әкімдіктерінің ұйымдастыруымен әр үйге 10 данадан тегін шприцтер таратылуда. Атап айтсақ, Мақат кентіне 4006 түтінге, Доссорға 3031 түтінге, Бәйгетөбе округі бойынша 360 түтінге шприцтерді тегін үлестіріп беруге шешім қабылданды.

Доссор кентінде тегін шприцтерді тарату жұмыстары 2 шілдеден басталды. Алғаш болып Ынтымақ, Бірлік ықшам аудандарының және 2, 7 ауыл, 60, 27, 16 көп пәтерлі тұрғын үйлердің, сондай-ақ, "Жаңақұрылыс" ықшам ауданының тұрғындарына таратылды.

Тегін шприцтер 7 шілде күні "Болашақ” және “Шапағат" ықшам аудандарының тұрғындарына таратылатын болады.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT