Апатты үйдегілерге жаңа пәтер берілді

(0 Votes)

Бірлік ықшам ауданы, АТП-1, АТП-2 мекен-жайындағы апатты деп танылған тұрғын үйлерден 32 отбасы Жұлдыз ықшам ауданына қоныс аударды – деп, хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің мәліметіне сүйенсек, бүгінде апатты жағдайдағы тұрғын үйлер мен жатаханаларды көшіру жұмыстары кезең-кезеңімен сәтті іске асырылуда.

Мәселен, өткен жылы Құнанбаев №13 және Досмұхамбетов көшесіндегі 2 жатахана Береке ықшам ауданындағы жаңа үйлердің біріне көшірілсе, биыл 2 апатты үйдің тұрғындарына жаңа пәтер кілті табысталды.

Атап айтқанда, Әуезов №22 үй Жұлдыз ықшам ауданына, ал Достық №14 үй тұрғындары Береке ықшам ауданына көшірілді.

Мамандардың айтуынша, алдағы уақытта жоспардағы апатты деп танылған жатаханалар мен тұрғын үйлерді көшіру жұмыстары жалғасады.

Айта кетейік, баспанамен қамту, көшіру сынды шаралар тұрғын үй құрылысының аяқталуына қарай жүзеге асады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521