Атырау облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке кәсіпкер ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешеніндегі Мемлекеттік инспекция комитетінің Атырау облыстық аумақтық инспекциясының заңсыз әрекеттеріне шағымданды.
Кәсіпкер ҚР аумағына Түркиядан 42 тонна мандарин импорттаған, алайда, Инспекциямен жүргізілген карантиндік фитосанитариялық сараптаманың қорытындысына сәйкес тексеру барысында карантиндік объект табылды. Осыған байланысты кәсіпкерге 2 әкімшілік хаттама толтырылып, тауарды Қазақстаннан әкету не оны жою туралы ұйғарым шығарылған.
Кәсіпкер Қостанай облысында өндірілетін импортталған мандариндерді фумигациялау (зарарсыздандыру) жүргізуге рұқсат алу үшін Инспекцияға өтінім жолдады. Алайда Инспекция кәсіпкерге келісім беруден бас тартты.
Департаменттің және Атамекен өңірлік кәсіпкерлер палатасының араласуымен, аталған мәселе бойынша Инспекцияға ұсынымдар жолданды. Нәтижесінде, фумигация жүргізуге рұқсат беріліп, толығымен әкімшілік жауапкершіліктен босатылды.
Айта кетейік, мемлекеттік органдардың тарапынан әкімшілік кедергілер мен заңнамалық олқылықтарға тап болған жағдайда, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке хабарлауға болады