Атырауға алдағы күндері тағы 40 тонна дәрі-дәрмек жеткізіледі

(0 Votes)

Атырауға дәрі-дәрмектердің кезекті партиясы жеткізілді. 25-нен 26 шілдеге қараған түні ең қажетті дәрі-дәрмек тиеген тағы бір жүк ұшағы Ресейден Атырауға келіп қонды, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Ресей Федерациясынан әкелінген 20 тоннаға жуық дәрі-дәрмектің ішінде антибиотик пен дене қызуын түсіретін дәрілік заттар бар. Олар бірнеше күннің ішінде қала мен аудандардағы дәріханаларға жеткізіледі.

020d104a-2eda-40ba-afe3-5ad50318a75b

- Өздеріңіз білетіндей, соңғы екі аптада өңірімізге 80 тоннадан аса дәрі-дәрмектер шұғыл түрде жеткізілді. Соған қарамастан, біраз дәріханаларда вирусқа қарсы және қызу түсіретін дәрілер әлі де болса жеткіліксіз екенін анықтадық. Осы мәселені шешу үшін облыс әкімінің тапсырмасымен "Атырау" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы тарапынан арнайы қаражат бөлінді. Ол ақшаға дистрибьютор компания көтерме айналым қаражатын қайтару шартымен тікелей Нижний Новгородтан 20 тоннаға жуық медикаменттік заттар сатып алып, бүгін Атырауға жеткізді.

Олардың арасында аспирин, азитромицин, цефазолин, цефтриаксон, система қоюға арналған сұйықтықтар және офлоксацин секілді басқа да қажетті дәрілік заттар бар. Облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен алдағы 3-4 күн ішінде тағы да 40 тонна дәрі-дәрмек келеді деп күтілуде. Басты мақсатымыз — препараттардың мол қорын қалыптастыру - деді Ержан Әбілханов.

240b6c7e-0de8-40b4-a8a0-f054cfa90ef7

Сондай-ақ оның айтуынша, препараттарды жылдам жеткізу үшін ТШО компаниясы ұшақ беріп көмектескен. Сонымен қатар, ол бұл медициналық препараттардың гуманитарлық көмек емес екенін атап өтті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT