Атыраудағы әйелдер түрмесінде күніне 1000 медициналық маска тігіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бас бостандығынан айрылған әйелдер тіккен медициналық маскамен бірінші кезекте тәртіп сақшыларын қамту көзделіп отыр. Қазір мекемедегі тігін цехында 12 әйел медицианлық маска тігуге отырды. Олар күніне 1000 маска тігеді.
«Бұл жұмысқа тартылғандардың өз міндеті бар. Біреулері үлгісін сызып береді. Екіншілері үлгідегі сызықпен кеседі. Үшіншісі резеңкесін дайындайды. Медициналық маскаға қажеттінің бәрі дайын болған соң, тігін машикасында отырғандарға жеткізіледі. Осылайша, масканы дайындау процесі 5 минутқа ғана созылады», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.