Атырауда көп рет пайдалануға арналған 8000 медициналық маска сатылымға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Атырау облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 23 наурыздан бастап өңірдегі дәріханаларда көп реттік медициналық маскалар сатылып жатыр.
Осы кезге дейін осындай 1044 маска болса, енді оған 8000 дана қосылды. Мұндай маска «На Гурьевской», «Дильназ», «Гиппократ», сондай-ақ, «Нарикова», «Утарова» жеке кәсіпкерлігінің дәріханаларында сатылуда.
«Фармацевтикалық субъектілер қауымдастығының шешіміне сәйкес, көп реттік медициналық маскалардың бағасы 110 теңгеден қымбат болмауы тиіс. Бір адамға 5 данадан артық сатылмайды», - дейді департаменттің баспасөз хатшысы Балкенже Қабирова.