Атырауда жыл басынан бері инватакси арқылы 76 мың мәрте тасымал жасалынды

Атырауда жыл басынан бері инватакси арқылы 76 мың мәрте тасымал жасалынды
Сурет видеодан алынды
(0 Votes)

Атырауда  инватакси қызметін  үш әлеуметтік ұйым ұйымдастырып отыр. Жоба арнайы жабдықталған көліктер арқылы жүзеге асырылады. Қазір 99 инватакси  жұмыс істеуде,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Такси арбамен қозғалатын, көзі көрмейтін және тірек-қозғалыс қызметтері бұзылған, сал, дауна, неврологиялық дертке шалдыққан науқастарға Атырау қаласының аумағында қызмет көрсетеді.

- Басты мақсат – мүмкіндігі шектеулі жандардың әлеуметтік ортаға толыққанды бейімделуіне жағдай жасау. Биылдың өзінде 1200-ге жуық  адам инватакси қызметін пайдаланып, 76 мыңнан астам тасымал жасалынды. Қызмет түріне сұраныс жыл сайын артып келеді,- деді  қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Рафхат Жолдиев.

Инватакси қызметін алу үшін  жоспарланған сапарға дейін, яғни, бір күн бұрын арнайы ұйымға телефон немесе  Whats ap желісі арқылы сағат 09:00-17:00 аралығында өтінім беруге болады.

Айта кетейік, инватакси қызметі 2022 жылғы 22 қыркүйектегі №521 бұйрығымен енгізілген өзгерістер негізінде, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жұмысын жүргізіп келеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT